Атырауда 658 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Атырау облысында 658 адамнан COVID-19 анықталған. Бұл туралы Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы ресми ақпарат сайты хабарлады.
Жедел штабтың ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, осыған дейін облыс бойынша жалпы 6814 адам ауырса, оның 4608-і жазылып шыққан.
Ал өңір бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың нақты саны белгісіз болып тұр. Себебі, жедел штабтың ресми сайтындағы ақпарат бірнеше күннен бері өзгермеген.