Атырауда коронавирустан қайтыс болғандардың саны белгісіз

Өткен тәулікте Атырау облысында 658 адамнан COVID-19 анықталған. Бұл туралы Қазақстандағы коронавирусқа арналған ресми сайт хабарлады.

Жедел штабтың ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, осыған дейін облыс бойынша жалпы 6814 адам ауырса, оның 4608-і жазылып шыққан.

Ал өңір бойынша коронавирустан көз жұмғандардың нақты саны белгісіз болып тұр. Себебі, жедел штабтың ресми сайтындағы қайтыс болғандар туралы ақпарат бірнеше күннен бері өзгермеген.