Карантин күшею мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда шектеу шараларының жалғасу-жалғаспауы туралы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Министрдің айтуынша, қатаң карантин мерзімі ұзара ма, жоқ па, екі апталық карантин аяқталған соң ғана белгілі болады.
— Кез келген мерзім инкубациялық кезеңмен байланысты болуы керек, яғни, 14 күн. Қазір біз кішкене болса да нәтижелерді көріп, қарап отырмыз. Бірақ оның нақты тиімділігі туралы біз екінші аптада немесе екі апта толық өткен соң байқаймыз. Яғни, баға берілген соң, карантин аяқталар кезде карантин ұзара ма немесе қатаң шаралар күшейтіле ме, белгілі болады. Бұл мәселені біз қазір отандық мамандар мен шетелдік әріптестерімізбен талқылап жатырмыз, — деді Алексей Цой.