Ғалым Рәбиға Сыздық өмірден өтті

Бүгін түнде қазақ тіл білімінің абыз анасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық 96 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұжымының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты.

Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор Рәбиға Сыздық 1924 жылдың 17-тамызында Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында өмірге келген.

Ол «Қазақ әдеби тілінің тарихы» монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995) мен Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. «Құрмет белгісі» (1971), «Парасат» (2004) ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.