Жылыойдағы жиында індет мәселесі талқыланды

Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов ауданның ел ағаларымен кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген жиында іргеге қонған індет туралы айтылып, елдің амандығы үшін қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынып, көпшілік қатысатын іс-шаралардың тоқтатылғаны сөз болды.

— Мақсатымыз — қауіпті вирустың одан әрі таратпау. Оны жеңудің төте жолы — гигиеналық тазалықтың мінсіздігі мен үйден шықпау. Халыққа түсіндірме жүргізу үшін сіздердің көмектеріңізге мұқтажбыз, — деді аудан әкімі Халел Жамалов.

Кездесуге келген ардагерлеріміз өз тараптарынан ағайын-тумалары арасында түсіндірме жүргізетінін және аудан халқына Үндеу тастайтынын жеткізді.