Атырауда 3 102 адам ҰБТ тапсырды
Атырау облысында 21-маусым — 1-шілде аралығында 3 102 талапкер ҰБТ тапсырған. Оның 816-сы — мектептер мен колледждердің былтырғы және биылғы түлектері. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
— 236 талапкер ҰБТ тапсыруға келмеді. Ұялы телефон мен шпаргалка алып келгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ. Ал 4 адам шпаргалка мен ұялы телефонды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды, — деді Ұлттық тестілеу орталығының АМУ-дегі филиалының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова.
Сондай-ақ, мамандар тест тапсыру барысында ЖРВИ белгілері мен дене қызуы көтерілген талапкерлер тіркелмегенін айтты. ҰБТ әдеттегі форматта 14 кезең бойынша өткен.