Тұрғындар көше тазалығына мән бермейді

Төрт мыңнан аса атыраулық көше тазалығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады. 

Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Атырау полицейлері көше тазалығын жіті назарда ұстауда. Соның нәтижесінде, туған мекеннің тағдырына немқұрайлы қарайтын тұрғындардың тарапынан болатын неше түрлі тәртіпсіздік дер кезінде ауыздықталып жатыр. Көшені ластағандар әкімшілік жауапқа тартылды.