Махамбет ауылының тұрғыны қоқыстан пайда тауып отыр

Атырау облысы, Махамбет ауылының тұрғыны қоқыстан пайда тауып отыр. Ол бұл істі былтыр бастаған, деп хабарлайды Өңрлік коммуникациялар қызметі.

Бағытжан Мұрзағалиев «Мадина» жеке кәсіпкерлігін ашып, қоқысты жинап, тасымалдаумен айналысып жүр. Осыдан 17 жыл бұрын ауылдастарының өтініші бойынша өз көлігімен тасыған. Кейін бұл арқылы да табыс табуға болатынын біліпті.

«Кәсібімді заңдастырған соң 105 үймен келісім-шартқа отырдым. Әр үйдің ауласына ішіне қоқысқа арналған пакеті бар контейнер қойдым. Аптасына бір рет өзім барып алып тұрамын. Бұл контейнерлер қатты, құрғақ тұрмыстық қалдықтарға арналған. Қасымда бір көмекшім бар. Бензин, қоқыс пакеттері және көмекшіге төлейтін жалақыны алып тастағанда айына 150 мың теңге кіріс келеді,- деді кәсіпкер.

Бағытжан алдағы уақытта техникасын жаңартып, тұтынушыларының санын көбейткісі келеді. Тек ол үшін мемлекет тарапынан қолдау болса екен деген тілегі бар.

 

Фото Өңірлік коммуникациялар қызметінен алынған