Аймақ - Спорт - 09.06.2020

Атырауда шахматтан онлайн турнир өтті

Атырауда балалар арасында шахматтан республикалық онлайн турнир өтті.
Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, әр түрлі номинация жеңімпаздарының аттары белгілі болды.
«Композиция» номинациясында Нұрәлі Нұрдәулет мен Ольга Левина, «Блиц» номинациясында Аят Абдоллаев пен Зарина Нұрғалиева және «Рапид» номинациясында Аят Жарылғасов (Ақтөбе), Димаш Сәуірбаев, Зарина Сабырбай жеңімпаз атанды.