Ақкөл ауылында карантин жарияланды

Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Карл Утаровтың қаулысы бойынша аудандағы 5000-ға жуық халқы бар Ақкөл ауылы осы айдың 18-іне дейін карантинге жабылды.

Қазіргі уақытта Ақкөл ауылдық округінде коронавирус індетін 18 адам жұқтырып, 7маусым күні 72 жастағы әйел адам аудандық ауруханада көз жұмған. Осыған байланысты округ аумағына кіріп-шығуға тыйым салынып отыр.

Сонымен қатар, теміржол стансасына келіп тоқтаған пойыз вагондарының есіктерін ашылмайтын болды, яғни адамдардың мініп-түсуіне толық шектеу қойылды. Ал азық-түлікке жатпайтын сауда нүктелерінің қызметі тоқтап, мейрамхана, кафе, асхана сияқты қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы жеткізіп беру қағидасы бойынша жүзеге асырылады.