Аймақ - Білім - 09.06.2020

Биыл Атырау облысында 39 маман ауылға аттанады

Аймақ бойынша «Дипломмен ауылға» жобасымен ауылдық жерге жұмысқа орналасатын жас мамандардың басым бөлігі Индер ауданында, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Елді-мекендерде жұмыс істеуге өтініш беретіндердің көпшілігі – білім беру және денсаулық сақтау саласын бітірген мамандар. Өткен жылы осы жоба аясында білім беру саласына 21 адам, денсаулық сақтау саласына 8 адам тартылған.

Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл 135 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта 39 маманның өтініші мақұлданды. Жас мамандардың өтініш жіберуге әлі де мүмкіндіктері бар. Ол үшін қалалық және аудандық әкімдіктердің экономика және қаржы бөліміне немесе ХҚКО-на құжаттарын тапсыруы қажет.
Айта кетейік, 2020 жылы ауылдарға жұмысқа келген мамандар үшін жергілікті бюджеттен 100 АЕК біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын-үй сатып алуға 1500АЕК бюджеттік несие қарастырылған.