Атырауда пойыз жүре бастады

Ертеңнен бастап Атырауға Алматы мен Нұр-Сұлтаннан жолаушылар пойызы жүруін бастайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабар таратты.

 

Жолаушылар пойыздарының  жүру кестесі:

1)  № 19/20   «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау» бағытындағы  жүргіншілер пойызы  11.06.2020ж.   Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан,  12.06.2020 ж. Атыраудан жолға шығады

2) № 29/30  «Алматы-2 — Атырау»  бағытындағы жүргіншілер пойызы  11.06.2020 ж  Алматы-2-ден, 13.06.2020 ж Атыраудан  жолға шығады

3) № 47/48 «Атырау — Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол» бағытындағы жүргіншілер пойызы   11.06.2020 ж. Атыраудан,   13.06.2020 ж. Нұр-Сұлтан — Нұрлы жолдан жолға шығады

4) № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол — Орал» бағытындағы жүргіншілер пойызы  10.06.2020 ж.  Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан,  11.06.2020 Орал қаласынан жолға шығады

5)  № 313/314 «Атырау — Маңғыстау» бағытындағы жүргіншілер пойызы 10.06.2020 ж. Атыраудан, 11.06.2020 ж. Маңғыстаудан  жолға шығады

6) № 691/692 «Ақтөбе — Атырау»  бағытындағы жүргіншілер пойызы  10.06.2020 ж. Ақтөбе қаласынан, 11.06.2020 ж. Атыраудан жолға шығады

7) № 41/42 «Атырау — Алматы-1» бағытындағы жүргіншілер пойызы 11.06.2020 ж.  Атыраудан, 13.06.2020 ж. Алматы-1-ден жолға шығады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтында хабарланғандай, пойыздардың келу / кету уақыты туралы барлық ақпаратты «105» нөмеріне қоңырау шалу арқылы білуге ​​болады (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Бүгіннен бастап  Ақтөбе–Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы жолға шықты.