Жаңалықтар
Сушидан уланған жылыойлықтардың жағдайы белгілі болды
Атырау облысының Жылыой аудандық орталық ауруханасына 28 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында тамақтан улану шағымымен 43 науқас түскен еді. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта оның 38-інің жағдайы жақсарып үйлеріне шығарылды. – Бес күнде аудандық ауруханаға 43 тұрғын улану шағымымен түскен болатын. Барлығында жүрек айну, құсу,…
Толығырақ »Оқушы өсімдіктен бояу алудың жаңа тәсілін тапты
Атыраулық 9-сынып оқушысы Айнұр Мұратова өсімдіктерден бояу алудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Айнұр Мұратова Махамбет ауданындағы Қосарал орта мектебінде оқиды. Ол «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысқан. Байқауда «Табиғи индикатор алу және қолдану» тақырыбында жоба қорғап, жүлделі 1-орынды…
Толығырақ »Көлік нөмірін бетпердемен жасырған жасөспірім ұсталды
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, автокөліктің мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жасырып жүргізген 16 жастағы жасөспірім анықталды. 4 қаңтар күні түнде патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көше қиылысында мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жауып қойған маркасы «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде, автокөлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының…
Толығырақ »Министр Атырау облысына жұмыс сапарымен келді
5 қаңтар күні ақпарат мәселері және қоғамдық кеңестердің қызметі туралы заңдарға енгізілген жаңа толықтырулар мен қоғамдық бақылау туралы заң жобасын түсіндіру жұмыстары бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Сапар барысында министр облыс басшылығымен, ішкі саясат, жастар саясаты, дін істері басқармаларының басшыларымен, сондай-ақ, жергілікті…
Толығырақ »Хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірім үйлеріне жеткізілді
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1–5 қаңтар аралығында Атырау қалалық Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кеткені жөнінде жеті хабарлама түскен. Мысалы, 4 қаңтар күні сағат 00:30 шамасында 10 жастағы жасөспірім анасымен сөзге келіп, үйінен шығып кеткен. Ол көршісінің үйінен табылды. Және сол күні сағат 23:00 шамасында 14 жастағы…
Толығырақ »Атырау «сары» аймаққа оралды
Қазақстанда бірқатар өңір коронавирус таралуы бойынша «сары», қалғандары «жасыл» аймақта. 5 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облысы болса, қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. Ұзақ уақыт бойы Теңіздегі жағдай бойынша Атырау облысы болған еді.
Толығырақ »Елімізде 125 млн. тонна тұрмыстық қалдық жинақталып тұр — министр
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекске сәйкес, өндіріс және тұтыну қалдықтары қалай өңделетінін айтты. – Бұл бағытта әлі көп жұмыс бар екенін мойындау керек. Дамыған елдер осы салада инновациялық шешімдерге әлдеқашан көшкен. Біз әзірге бұған тек ұмтылудамыз. Бүгінгі күні еліміздің 3,2 мың полигонында…
Толығырақ »БЖЗҚ сайтында зейнетақы жинағының алуға болатын сомасы көрсетіледі
БЖЗҚ сайты зейнетақы жинағынан алуға болатын қаржыны автоматты түрде көрсететін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде жинақты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалануға болатын сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды. Сондай-ақ, жеке кабинетте өзіңіздің «жеткіліктілік шегіңізді» және ЖТС төлемін ескере отырып алуға болатын қаражат…
Толығырақ »Индерде жастар саябағы ашылды
Кеше Индербор кентіндегі Жайық өзені жағалауында орналасқан жастар саябағының ашылу салтанаты өтті. Шараға кент әкімі А.Аймұратов қатысып, аудан тұрғындарын жаңа демалыс саябағының ашылуымен құттықтады. Саябақтың ұзындығы – 620 метр, аумағы – 26 793 шаршы метр. Жаңаша құлпырған демалыс орнына жөндеу жұмыстарын «Каз Нур Строй» ЖШС-гі жүргізген. Онда жаяу жүргіншілер жолы…
Толығырақ »Дін қызметкерлері біліктілігін арттыруда
Атырауда дін қызметкерлері үшін оқыту дәрісі басталды. Аmin.kz-тің хабарлауынша, онлайн форматта өтіп жатқан дәріске қала, аудан және ауыл имамдары қатысуда. – Онда негізінен діни мәселелерге қатысты сұрақтарға байланысты сабақ берілуде. Зум арқылы өтіп жатқан дәрісте фиқһ, ақида, сира мәселелері талқылануда, – дейді орталық Иманғали мешітінің ұстазы Ерболат Боханов. Еске сала…
Толығырақ »









