БЖЗҚ сайтында зейнетақы жинағының алуға болатын сомасы көрсетіледі

БЖЗҚ сайты зейнетақы жинағынан алуға болатын қаржыны автоматты түрде көрсететін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде жинақты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалануға болатын сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды.

Сондай-ақ, жеке кабинетте өзіңіздің «жеткіліктілік шегіңізді» және ЖТС төлемін ескере отырып алуға болатын қаражат сомасын білуге болады.