Индерде жастар саябағы ашылды

Кеше Индербор кентіндегі Жайық өзені жағалауында орналасқан жастар саябағының ашылу салтанаты өтті.

Шараға кент әкімі А.Аймұратов қатысып, аудан тұрғындарын жаңа демалыс саябағының ашылуымен құттықтады.

Саябақтың ұзындығы – 620 метр,  аумағы – 26 793 шаршы метр.

Жаңаша құлпырған демалыс орнына жөндеу жұмыстарын «Каз Нур Строй» ЖШС-гі жүргізген.
Онда жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, 6 200 шаршы метр төсем тас төселді. 29 дана жарық шамдардың бағаналары мен орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.