Дін қызметкерлері біліктілігін арттыруда

Атырауда дін қызметкерлері үшін оқыту дәрісі басталды.

Аmin.kz-тің хабарлауынша, онлайн форматта өтіп жатқан дәріске қала, аудан және ауыл имамдары қатысуда.

– Онда негізінен діни мәселелерге қатысты сұрақтарға байланысты сабақ берілуде. Зум арқылы өтіп жатқан дәрісте фиқһ, ақида, сира мәселелері талқылануда, – дейді орталық Иманғали мешітінің ұстазы Ерболат Боханов.

Еске сала кетсек, облыстың дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру дәрісіне Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Айдын Серікбаев, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров ұстаздық етуде.