Кеше облыста 144 адамнан КВИ анықталған

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте 149 адамнан коронавирус індеті анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 144 жұмысшы, Жылыойдан 1 адамнан тіркелген.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 25-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 43 адам емделіп шықты.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 290  адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда  – 91, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 38,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 778 адам ем қабылдауда.