Жаңалықтар
Германия Украина үшін 400 млн еуро жұмсамақ
Германия Украинаға көмек ретінде 400 млн еуро көлеміндегі қару-жарақ пакетін жөнелтпекші. Ал Киевтің қарсы шабуылы үшін таптырмас құрал – алыс қашықтықты дәл көздейтін Taurus зымырандарын жеткізуге байланысты нақты шешім қабылданбады. Жеткізілетін жаңа қару-жарақтың ішінде жарылғыш заттар, минометке арналған оқ-дәрі, бронотехника, және минаны залалсыздандыратын құрылғылар бар. Одақтас мемлекеттер өкілдерінің басқосуында сөйлеген…
Толығырақ »Д.Әбеуов: Атырауда 229 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды
Атырауда 229 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына келіп түскен шағымдарды зерделеу барысында 184 тексеру жұмысы жүргізілген. Оның 45-і шетелдік жұмыс күшін тартатын ірі кәсіпорындарға қатысты. Нәтижесінде, еңбек заңнамасын бұзған 229 факті анықталып, 81 әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары…
Толығырақ »ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Астық арзандады, бірақ, нан бағасы түскен жоқ»
«Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров астық пен нан бағасына қатысты пікірін білдірді» деп хабарлайды «Батыс – Инфо» «Бүгінде дүкенде нан бағасы 92 теңге және одан жоғары. Әр дүкенде баға әртүрлі. Астықтың тоннасы 160 мың теңге болған кезде нан бағасы қымбаттады. Бірақ, астық бағасы төмендегенде нан арзандаған жоқ. Нарықта астықтың тоннасы…
Толығырақ »Қазақстанда жемқорлардың жария тізімі жасақталады
«Енді елімізде жемқорлардың тізімі жасақталып, ол жарияланатын болады» деп хабарлайды «Батыс-Инфо.» Бұл туралы Антикор мәлім етті. Тізілімде жемқорлықпен сотталған адамның барлық дерегі болады. Ведомство жемқорлар тізілімі жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді деп есептейді. “Жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ, Парламентте пара…
Толығырақ »Қазақстандықтар төлейтін салықтың қай түрі өзгереді?
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қарапайым қазақстандықтар төлейтін салықтың қай түрі өзгеретінін айтты, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып. «Жеке тұлғалар үшін тосын ештеңе болмайды. Салық жүктемесі сол күйінде қалады деген жоспар бар. Мысалы, 2000 жылдары әлеуметтік салық жүктемесі 29% деңгейінде…
Толығырақ »Бәйгетөбеде – жаңа әкім
Мақат ауданындағы Бәйгетөбе ауылдық округінде жаңа әкім сайланды. Бұл туралы «Мақат тынысы» газетіне сілтеме жасай отырып «Батыс-Инфо» ақпараттық порталы хабарлайды. 17 қыркүйек күні ауылдық округ тұрғындарының көпшілік дауысының нәтижесінде Кенжебек Махмұтұлы Бәйгетөбе ауылының әкімі болып сайланды. Кенжебек Махмұтұлы 1977 жылы 6 қаңтарда Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылында дүниеге келген.…
Толығырақ »Жаңа Бюджет кодексінің жобасы талқыланды
Ұлттық қордың қаржысы тек маңызды инфрақұрылымдық, стратегиялық және жалпыхалықтық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ұлттық қорға келетін болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес одан түскен қаражат өте маңызды инфрақұрылымды, стратегиялық және жалпыхалықтық жобаларды ғана қаржыландыруға бағытталады. Жаңа Бюджет кодексі мемлекеттік…
Толығырақ »Алматы қаласында жер сілкінді
«Жер асты дүмпуін Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық стансылар желісі 19 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 06:57-де тіркеді» деп хабарлайды»Батыс-Инфо» ақпараттық порталы. «Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 149 км. жерде, Кеген ауданының аумағында Алғабас ауылынан 58 шақырымда таулы аймақта орналасқан» делінген ресми хабарламада. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3,…
Толығырақ »Мемлекет басшысы GE Healthcare компаниясының президенті Роб Уолтонмен кездесті
Мемлекет басшысы GE Healthcare компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша президенті Роб Уолтонмен кездесті. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа GE Healthcare компаниясының елімізде ультрадыбыс аппараттары өндірісінің жергілікті үлесін арттыру және алдағы уақытта компьютерлік томография, ангиография және маммография құрылғыларын шығару жоспары туралы…
Толығырақ »Еркін күрес: қазақтан тұңғыш рет әлем чемпионы шықты
Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Белград боз кілеміндегі финалда отандасымыз әзербайжандық спортшы Осман Нұрмогамедовті жеңді. Финалдық белдесу тартысты басталды. Алғаш болып әзербайжандық балуан ұпай алды. Екі ұпаймен алға шыққан қарсыласынан Ризабек белдесу аяқталар тұста айласын асыра білді. Ол финалға дейін екі дүркін…
Толығырақ »







