ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Астық арзандады, бірақ, нан бағасы түскен жоқ»

«Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров астық пен нан бағасына қатысты пікірін білдірді» деп хабарлайды «Батыс – Инфо»

«Бүгінде дүкенде нан бағасы 92 теңге және одан жоғары. Әр дүкенде баға әртүрлі. Астықтың тоннасы 160 мың теңге болған кезде нан бағасы қымбаттады. Бірақ, астық бағасы төмендегенде нан арзандаған жоқ. Нарықта астықтың тоннасы 105-110 мың теңге, оның үстіне дәнмаңызы жоғары. Сондықтан да астық тоннасы 160 мың теңгеге дейін көтерілгенше нан бағасы сақталады. Осы орайда наубайханалардан да баға неге арзандамағанын сұраған жөн»,-деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Айдарбек Сапаровтың дерегінше, биыл 16 млн. тонна астық өндіріледі.  Бұдан бөлек, былтырдан 3 млн. тонна астық қалып отыр.

 

Фото egemen.kz сайтынан алынған.