Еркін күрес: қазақтан тұңғыш рет әлем чемпионы шықты

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Белград боз кілеміндегі финалда отандасымыз әзербайжандық спортшы Осман Нұрмогамедовті жеңді.

Финалдық белдесу тартысты басталды. Алғаш болып әзербайжандық балуан ұпай алды. Екі ұпаймен алға шыққан қарсыласынан Ризабек белдесу аяқталар тұста айласын асыра білді.

Ол финалға дейін екі дүркін Еуропа чемпионы Фейзулла Ақтүрікті және жаһандық рейтингте бірінші орында тұрған Мириан Мансурадзені жеңді.

Ризабек – тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ балуаны. Бозкілем шебері биыл еліміздің ғана емес, әлемдік күрес мамандарының жоғары бағасын алған.