Жаңалықтар
Атырау облысына 108 медицина маманы келмек
Атырау облысындағы күрделі жағдайды тұрақтандыру үшін аймаққа медицина қызметкерлері келеді. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау министрлігі Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерге вирусолог, дәрігер-инфекционист, реаниматолог, пульмонолог сынды мамандардан тұратын бірнеше топ медицина қызметкерін жібереді. Сондай-ақ, олардың қатарында ресейлік дәрігерлер де…
Толығырақ »Атырауға дәрі жеткізіліп жатыр
Атырауға аса қажетті дәрі-дәрмектің тағы да ауқымды топтамасы жеткізілді. Бұл туралы Атырау коммуникациялар қызметі хабарлады. Алматыдан кеше жеткізілген медициналық препараттардың 470 түрі бүгіннен бастап қаладағы дәріханаларға таратылады. Аудандарға жеткізу сәрсенбі мен жұма аралығына жоспарланып отыр. Фармацевтикалық компания директоры Светлана Липатованың айтуынша, жұма күні Алматыдан Атырауға коронавирустан емдеуге арналған препараттар келеді.
Толығырақ »Бүгін – Тәуелсіздік тарихындағы тоғызыншы Аза тұту күні
Бүгін – Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбандарын еске алуға байланысты – Жалпыұлттық аза тұту күні. Атырау уақытымен 11:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады. Еліміздегі жағдайға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны туралы мәлім етіп, келесі күні тиісті өкімге…
Толығырақ »Өткен демалыста екі адам суға кетті
Өткен демалыс күндері екі адам суға кетті. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 11-шілде сағат кешкі 9-да Атырау қаласы Талқайраң ауылында ТЖД Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құралының күшімен 1995 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізіліп, 20 минут ішінде денесі судан шығарылды. Ал 12-шілде күні…
Толығырақ »Доссор—Атырау тасжолында жарылыс болды
Кеше кешкі сағат 21:40-та Доссор-Атырау тас жолының шыға берісінде орналасқан «Промгаз» мекемесіне қарасты газ құю стансасы маңында жарылыс болды. Яғни, дәл станса жанында зауыттан 2007 жылы шыққан Уаз автокөлігі белгісіз себеппен өртеніп кетті. Атырау облыстық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Семсер» және Мақат аудандық…
Толығырақ »Үкімет Үндістаннан үміт күтеді
Қазақстанға 80 тоннадан астам дәрі жеткізілмек. Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, бұл — мұнайлы өлкеге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың онлайн брифингтегі сөзі. — Бүгін Алматы қаласына дәрі-дәрмектің бірінші рейсі келді және бүгін екінші ұшақ та жетеді. Яғни, бұл — жалпы салмағы елу тонна болатын препарат. Жеткізілген…
Толығырақ »Жүзден аса дәрігер жеткізілмек
Атырауға 100-ден астам дәрігер маман келеді. Бұл туралы онлайн брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. — Ел бойынша осы салаға мыңнан астам кадр керек. Қазіргі жағдайда бізге сырттан ешкім кадр әкеліп бермейді. Ішкі ресустарды мейлінше тиімді пайдалануымыз керек. Бүгінде Атырау облысының 122 жасы интернатурада…
Толығырақ »«Корона-такси» қызметі пайда болмақ
Атырауда «корона-такси» қызметі іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облысына үкіметтік комиссияны бастап келген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен онлайн-брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық ұйымдарда 41 жедел жәрдем автокөлігі жұмыс істеуде. Бұл сан әлі де толықтырылып, коронавируспен күрес жүргізу бағытында бірқатар…
Толығырақ »Жер шетелдіктерге сатылмайды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы уақытқа дейін игерілмеген 12,8 млн. гектар жердің 7 млн. гектары мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн. гектар игерілмеген жердің…
Толығырақ »Тағы 150 млрд. теңге бөлінеді
Коронавируспен күреске Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады. – Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды…
Толығырақ »









