Атырау облысына жаңа бас санитар келді

Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитариялық дәрігері болып тағайындалды.
Сәдуақас Байғабылов 1974 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. Жаңа қызметтен бұрын көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері, 2018–2019 жылдары астанада Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.