Өткен демалыста екі адам суға кетті

Өткен демалыс күндері екі адам суға кетті. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

11-шілде сағат кешкі 9-да Атырау қаласы Талқайраң ауылында ТЖД Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құралының күшімен 1995 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізіліп, 20 минут ішінде денесі судан шығарылды.

Ал 12-шілде күні сағат түскі бір жарым шамасында Ақжар ауылы маңынан суға кеткен 1979 жылы туған әйел аламды іздеу жұмыстары басталып, сағат 18:00-ге жуық мәйіті табылды.

Суға кеткен екі адам да арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.