Жаңалықтар
Жайыққа құлаған бала құтқарылды
Атыраулық азамат Жайық өзеніне құлаған 7 жасар баланы құтқарды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл оқыс оқиға 6 қазан күні болған. «Сұлтан Бейбарыс» көпірінің астында қараусыз жүрген 7 жасар бала Жайық өзеніне құлаған. Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат сағат 12:02-де баланың суға құлап кеткені туралы хабар түскен. Оқиға…
Толығырақ »«Ойыл–Қиыл–Жем–Сағыз» атты жаңа жоба қолға алынды
Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен тың бастама қолға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Ойыл – Қиыл – Жем – Сағыз» атты экологиялық тақырыптағы бірлескен шығармашылық-зерттеу жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Жоба…
Толығырақ »Зейнетке шығу жасын қайта қарау ұсынылды
Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнетке шығу жасын қайта қарауды сұрады. Олар өз ұсыныстарын премьер-министр Асқар Маминге жолдады. – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, COVID-19 вирусының ерекше болуы өлімнің көп бөлігі 60 жастан асқан адамдарда болады. Егде жастағы адамдардың COVID-19-ке осалдығының себептері организмдегі физиологиялық өзгерістер, иммундық жауаптың төмендеуі және қатар жүретін…
Толығырақ »Цифрлық құжаттар қолданысқа енеді
12 қазаннан бастап елімізде цифрлық құжаттар қолданысқа енеді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Цифрлық даму министрінің тиісті бұйрығына сай сандық құжаттар қызметі жүйелі пайдаланыла бастайды. Бұл «Электронды үкімет» мобильді қосымшасының бір бөлігі саналады. Цифрлық құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады. Бұл қызмет түрін алу үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы…
Толығырақ »720 мың теңгеден аса айыппұл өндірілді
Атырау қаласы аумағында 5 – 11 қазан аралығында «Борышкер» іс-шарасы өтуде. «Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеуден жалтарып жүрген «Тойота Камри» автокөлігі анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында, аталған автокліктің мемлекеттік нөмірі жалған екендігі анықталып, арнайы тұраққа қойылды. 13 рет жылдамдықты асыру фактісімен «Кордон» құрылғысына түскен көлік жүргізушісі…
Толығырақ »Әкім орынбасарының кімнен пара алғаны анықталды
2020 жылдың мамырында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға қатысты іс болды. Сот мемлекетке тигізген залалын өтегені үшін және қарт анасын бағып отырғаны үшін оны бостандыққа жіберіп, мемлекет пайдасына 7 млн. теңгеден астам ақша өндіру туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы qazaqstan.tv сайты хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрсәуле…
Толығырақ »76 келі бекіремен ұсталды
Атырауда «Бекіре» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Балық өнімініӊ заӊсыз айналымын анықтауға бағытталған аталмыш шара барысында полиция қызметкерлері қалаға кіреберіс Сарыөзек ауылы тұсында «Лада Приора» автокөлігін тоқтатқан. Исатай ауданының 48 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тексеру барысында, жалпы салмағы 75 келі 600 грамм бекіретұқымдас балық табылды.…
Толығырақ »Шетелден келген 20 жолаушы карантинге жатқызылды
Атырауға Стамбул–Атырау әуе рейсімен ұшып келген 20 жолаушы карантинге жатқызылды. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, Стамбул–Атырау халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген. Олардың арасында 95 жолаушының ПТР-тестінің теріс қорытындысы туралы анықтама болған. Ал қалған жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім қабылданды. – Түркиядан әуе рейсімен…
Толығырақ »Білім саласын басқару жүйесі өзгереді
2021 жылдың қаңтардан бастап білім саласын басқару жүйесі өзгереді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ведомствоның аппарат жиналысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтқан. – Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін басқару қызметі облыстық басқармаларға беріледі. Ол үшін «Бюджет» кодексіне, «Білім туралы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарға 27 өзгеріс…
Толығырақ »Көлік апатынан қаза тапқандар туралы мәліметтер жарияланды
Атырау облысында 9 адам қаза тапқан жол-көлік апатына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. 4 қазан күні Атырау облысындағы Атырау – Ақтөбе тасжолында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылары – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмған еді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиға бойынша тергеу басталғанын айтты. Облыстық…
Толығырақ »









