Жаңалықтар
4000-ға жуық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан сағат 11:00 шамасында жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Вокзал маңы ықшамаудандағы көпқабатты үйдің ауласында ер адамның жерге темекі тұқылын лақтырып жібергенін байқаған. 32 жастағы азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 434-2-бабы «ортақ пайдалану орындарын ластау» бойынша 6 945 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік…
Толығырақ »Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке жаңа орынбасарын таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты орынына Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қайрат Асқарбекұлы Бекенов 1978 жылы 31 қазанда…
Толығырақ »Құрманбай Ашетов – сегізінші мәрте ел чемпионы
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 12 – 13 желтоқсан аралығында тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Пандемияға байланысты биылғы турнир онлайн түрде ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Құрманбай Ашетов 42 қатысушының арасынан үздік атанып, өзінің ардагерлер арасындағы 8-ші алтын медальін еншіледі. Әйелдер арасында №1 МБЖСМ жаттықтырушысы…
Толығырақ »Мектепте инклюзивті кабинет ашылды
Атырау қаласындағы Боран Нысанбаев атындағы орта мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш мектепте ерекше білімді қажет ететін 6 оқушы оқиды, олардың әрбіріне педагог-ассистент қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, дефектолог, логопед, психолог, кабинет жетекшісі штаттары ашылған. Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатына облыс әкімінің…
Толығырақ »Тағы бір заңсыз сәлемдеменің жолы кесілді
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 желтоқсан күні тергеу изоляторында ет пен картоп салынған шелектің түбіне жасырып, шөп тәріздес затты өткізбек болған 20-жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол бұл сәлемдемені денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, кісі өлтіргені үшін уақытша ұсталып отырған құрдасына өткізбек болған. – Ыстық тамақтың…
Толығырақ »144 пәтердің кілті табысталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласының Береке шағынауданда салынған үйлердің пәтер кілттері табыс етілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Іс-шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. 144 пәтер «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көпқабатты тұрғын үйден берілді. Баспаналы болғандардың басым көпшілігі мемлекет қамқорлығы санатына жататын аз…
Толығырақ »Бірнеше қоғамдық көліктің қызметі қайта жанданбақ
Атырау қалалық әкімдігінің хабарлауынша, жаңа жылдан бастап төмендегі маршруттардың қызметі жанданады. • №3 маршрут, Атырау ықшамауданы – «Дина» сауда орталығы • №15 маршрут Сарыкамыс-2 ықшамауданы – Мұнайшы ықшамауданы • №30 маршрут Жеңіс Саябағы – Тұрғын үй қалашығы • №62 маршрут Қара өзек ықшамауданы – «Дина» сауда орталығы 15 желтоқсаннан бастап…
Толығырақ »Балаларды оңалту орталығы ашылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты республикалық форум өтіп, оған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн қатысты. Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аталған форум аясында Елбасы қорының қолдауымен Атырау облыстық балалар ауруханасы жанынан балаларды оңалту орталығы пайдалануға берілді. Мұндай оңалту орталығы өңірде бұрын болмаған. Оңалту орталығы – ерекше…
Толығырақ »Кеше өңірде КВИ-н 39 адам жұқтырған
Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус ПТР арқылы 39 адамнан анықталды. Дертке шалдыққандардың 10-ы – Атырау қаласынан, 29-ы – Теңіз кенішінен тіркелген. Олардың алтауында ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 23 адам емделіп шықты. Айта кетсек, қазіргі уақытта 218 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 56,…
Толығырақ »Сарайшықта шырын өндіретін цех іске қосылды
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Махамбет ауданының Сарайшық ауылында алма, лимон шырыны мен квас сусынын өндіретін цех іске қосылды. Жаңа кәсіпорынның жұмысымен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы барып танысып көрді.⠀ Аталған цех «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС-не қарайды, қуаты тәулігіне 2 тонна алма, 1,5 тонна лимон шырыны мен 1,5 тонна квас сусынын…
Толығырақ »









