Кеше өңірде КВИ-н 39 адам жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус ПТР арқылы 39 адамнан анықталды.
Дертке шалдыққандардың 10-ы – Атырау қаласынан, 29-ы – Теңіз кенішінен тіркелген.
Олардың алтауында ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 23 адам емделіп шықты.
Айта кетсек, қазіргі уақытта 218 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 56, аудандағы инфекциялық стационарда – 10, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 218 адам ем қабылдауда.