Білім
КВИ жұқтырып алған мұғалімдерге ешқандай үстемақы қарастырылмаған
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай коронавирус жұқтырып алған мұғалімдерге ешқандай үстемақы қарастырылмағанын айтты. — Кезекші сыныптарда жұмыс істеуге жіберу үшін тиісті талап бар. Мұндай форматтағы жұмыс процесіне жүкті мұғалімдер, созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан ұстаздар жіберілмейді. Яғни…
Толығырақ »Интернеті жоқ ауылдың студенттері жатаханаға орналаса алады
Интернеті жоқ ауылда тұратын студенттер қалаға келіп, жатақханаға орналаса алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. — Интернеті жоқ ауылдарда тұратын студенттер қалаға келіп, санитарлық-эпидемиологиялық норма сақталатын жоғары оқу орындарының жатақханаларында оқшауланып тұра алады, — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз…
Толығырақ »Бірнеше мектеп үш ауысыммен оқудан арылады
Атыраудағы 6 мектеп үш ауысымды оқудан арылады. Бұл туралы жыл сайынғы тамыз кеңесінде Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев айтты. ⠀ – Қазіргі уақытта жалпы саны 2 100 орындық 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2 мектепке 120 орындық ғимарат жапсарластыра салынуда. Құрылыстары биыл аяқталады. Нәтижесінде 6 үш…
Толығырақ »Білім саласының үздіктері марапатталды
26-тамыз күні Атырау облысында өткен білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде білім саласына еңбегі сіңген бір топ мұғалім «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Үздік ұстаздарды арнайы төсбелгімен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов марапаттады. Мұғалімдерді…
Толығырақ »Атырауда тегін компьютер таратылып жатыр
Атырауда 15 246 компьютер оқушыларға қайтарымды келісіммен таратылып жатыр. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, облысымызда ерекше білімді қажет ететін балаларға, көпбалалы отбасы балаларына 2 компьютерден беру мүмкіндігі қарастырылуда. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі…
Толығырақ »Әкім гранты 78 түлекке бұйырды
Кеше Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыс шешімімен жаңа оқу жылында атыраулық 78 түлек облыс әкімінің гранты бойынша тегін білім алады. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀⠀ Бақытгүл Хаменованың…
Толығырақ »Қашықтан бірыңғай қайталау сабақтары өтеді
25 – 28-тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Сабақ өткен материалды қайталап, жаңа оқу жылына дайындалу үшін 2 – 11-сыныптар арасында ұйымдастырылады. – Оқу процесі бұған дейін әр мектеп таңдаған интернет-платформаларда қашықтан өткізіледі. Сабақ 10:00-де басталады, ұзақтығы – 20 – 40 минут. Кестеге негізгі пәндер енгізілген,…
Толығырақ »Облыста апатты жағдайдағы 5 мектеп бар
Елімізде жаңа бағдарлама аясында 800 мектеп салу жоспарда болғанымен, апатты мектептер мен үш ауысымды оқу мәселесі шешілмей отыр. Бұл туралы бүгін педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің онлайн пленарлық отырысына қатысқан премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, – деп хабарлады BAQ.KZ. Премьер-министрдің айтуынша, апатты және үш…
Толығырақ »Жалпыреспубликалық сынып сағаты өтеді
Бүгін еліміздің оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында 21-тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып…
Толығырақ »Портал арқылы 3 641 оқушыға көмек көрсетілді
Биыл «Мектепке жол» акциясы Atamekenim.kz порталы арқылы жүзеге асады. Аталған порталға Атырау облысы бойынша әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын отбасы балалары туралы мәліметтер енгізілді. Олардың жалпы саны – 9 607 оқушы. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиеваның…
Толығырақ »