Бірнеше мектеп үш ауысыммен оқудан арылады

Атыраудағы 6 мектеп үш ауысымды оқудан арылады. Бұл туралы жыл сайынғы тамыз кеңесінде Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев айтты.

– Қазіргі уақытта жалпы саны 2 100 орындық 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2 мектепке 120 орындық ғимарат жапсарластыра салынуда. Құрылыстары биыл аяқталады. Нәтижесінде 6 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілетін болады, – деді Сатқан Есенғалиев.

Бүгінде облыста үш ауысымды 12 және апатты 5 мектеп бар.