Атырауда тегін компьютер таратылып жатыр

Атырауда 15 246 компьютер оқушыларға қайтарымды келісіммен таратылып жатыр. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, облысымызда ерекше білімді қажет ететін балаларға, көпбалалы отбасы балаларына 2 компьютерден беру мүмкіндігі қарастырылуда. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияда көтеріліп айтылды.