Жалпыреспубликалық сынып сағаты өтеді

Бүгін еліміздің оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында 21-тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді.

Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады.

Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді:
— Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;
— Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу;
— Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);
— Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
— Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.