Басты ақпарат
Жедел-жәрдем көліктері толықтай жаңарды
– Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды. Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған. – Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға…
Толығырақ »Қазақстанда «Ашық үкімет» платформасы құрылды
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды. Министрдің жазуынша, аталмыш жоба мемлекеттің немен айналысатынын және әртүрлі жобалардың қалай іске асырылып жатқанын білу және ашықтығын анықтау мақсатында қолға алынған. «Ашық үкімет» платформасы ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметінің…
Толығырақ »Алдағы 3 күннің ауа райы болжамы
14–16 қаңтарда Салеха аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан басым бөлікте ауа температурасы төмендейді. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын, боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.
Толығырақ »Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 2 есеге артты
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50% артты. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, әлеуметтік сала мамандарының еңбекақысы бұдан әрі де өсі бермек. Мәселен, 2022 жылы – 25%, 2023 жылы тағы 25% артады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд. теңге бөлінді. ҚР Үкіметінің…
Толығырақ »Covid-19: +73; -65
Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 20-сы Атырау қаласынан, 44 жұмысшы – Теңіз кенішінен, Жылыой – 3, Қызылқоға – 1, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде…
Толығырақ »Ұрланған көлік иесіне қайтарылды
3 қаңтар күні Жылыой ауданы Құлсары қаласының 32 жастағы тұрғыны үйінің ауласында тұрған маркасы «Range Rover» автокөлігінің жоғалғаны туралы 102-ге хабарлаған. Іс бойынша Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторымен жоғалған көліктің бағыты тексеріліп, 31 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Толығырақ »Қоқыс таситын «Камаз» өртенді
ТЖД-ның мәліметінше, кеше сағат 10:19 шамасында Нұрсая ықшамауданындағы тұрғын үйдің алдында жүк көлігінің жанып жатқандығы туралы хабар түскен. Белгелі болғандай өртенген «Арнаулыавтобаза» ЖШС қарасты «Камаз» маркалы қоқыс таситын автокөлігі. Жалын сағат 10:38 минутта оқшауланып, 10:48 минутта толықтай жойылды. Өрт салдарынан қоқыс таситын автокөліктің алдыңғы бөлігі мен 2 дөңгелегі толықтай жаныт…
Толығырақ »Қазақстандық жасөспірім Қырғызстанда қайтыс болды
Он екі жасар қазақстандық Қырғызстандағы Қарақол тау-шаңғы базасында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. — Бүгін, 12 қаңтар, шамамен сағат 15.00-де шаңғымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім шыршаға соғылып, көз жұмғаны туралы хабар түсті, — деді Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының басшысы Ұлан Асанбаев. Тәртіп сақшылары трагедияның мән-жайын анықтап жатыр. Жасөспірімнің…
Толығырақ »Түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды
Атырауда тергеу изоляторы орналасқан УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, енді тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады. – Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырған, сондай-ақ, жазасын өтеу үшін шаруашылық қызметіне қалдырылған тұлғалардың туыстары үйден шықпай-ақ, тауарларды таңдай алады. Содан…
Толығырақ »Мұз үстінде көлікпен жүргендер ұсталды
Атырауда полиция қызметкерлері көлікпен мұз үстіне шыққан 4 жүргізушіні анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау қаласы аумағында Жайық өзенінің бетіне мұз қатып тұрғалы, қауіпсіздік шараларын сақтамай, мұз үстімен автокөлікті жүргізгені үшін 4 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабымен «Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін»…
Толығырақ »









