Жедел-жәрдем көліктері толықтай жаңарды

– Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды.
Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған.
– Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберілетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансасына беріледі.  Бүгінде облыс көлемінде тәулігіне 700–750 шақырту келіп түсуде. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1 700-ге дейін жеткен еді, – дейді Бауыржан Төлеген.
Қазір стансада жаңадан келген 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін беріліп, 46-сы өткен жылы келді. Атап айтқанда, 2020 жылғы қазан айында 28 жедел жәрдем көлігі келсе, қараша айында 18 көлікпен толықты.
Еске сала кетсек, қазіргі уақытта өңірде COVID-таксилер жоқ. Оның орнына жедел-жәрдем стансаларының көлігі қызмет етуде. Жедел-жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12–13 минутта жетеді.