Өңірде жемқорлық деңгейі азайды

Атырауда кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқан 51 азамат бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы антикор орталығында өткен брифингіде айтылды.
Сондай-ақ, брифингте 1 млрд. теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылғаны және 11 бизнес субъектісінің құқығы қорғалғаны мәлім етілді.

Жалпы өткен жылдың қортындысы бойынша өңірде жемқорлық деңгейі 9 пайызға төмендеген. Оның ішінде, ауыр қылмыс жасау 1,6 есеге, жымқыру және алаяқтық 2 есеге азайған.

– Соңғы екі жылда антикор қызметкерлері өңірде пара берген 480, кәсіпкерлікке заңсыз қол сұққан 713 фактіні анықтады. Жемқорлықтың басым көпшілігі білім, ішкі істер, денсаулық салаларында анықталды, – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов.

Ад департамент басшысының орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, биыл жемқорлықпен күрес одан әрі күшейтілді.
–  Заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, бірқатар шара қолға алынды. Мәселен, азамат пара алғаны және бергені үшін енді 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, мерзімінен бұрын босатылу болмайды, – деді ол.