Қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 48 азамат ұсталды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін атыраулық полицейлер Вокзал маңы 3а ықшамауданында орналасқан үйлердің бірінің ауласынан ішімдік ішкен күйде қоғамдық орында жүрген 1989,1987 және 1986 жылғы азаматтарды анықтаған.
Ұсталған азаматтардың алкогольдік ішімдік ішкенін медициналық куәландыру сараптамасының нәтижесі дәлелдеді.
Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 7 292 теңге айыппұл салынды.
Жалпы жыл басталысымен қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген 48 азамат жауапкершілікке тартылды.