Қоқыс таситын «Камаз» өртенді

ТЖД-ның мәліметінше, кеше сағат 10:19 шамасында Нұрсая ықшамауданындағы тұрғын үйдің алдында жүк көлігінің жанып жатқандығы туралы хабар түскен.
Белгелі болғандай өртенген «Арнаулыавтобаза» ЖШС қарасты «Камаз» маркалы қоқыс таситын автокөлігі.
Жалын сағат 10:38 минутта оқшауланып, 10:48 минутта толықтай жойылды.
Өрт салдарынан қоқыс таситын автокөліктің алдыңғы бөлігі мен 2 дөңгелегі толықтай жаныт кеткен.
Тілсіз жауды сөндіруге 2 бірлік техника мен 7 жеке құрам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.
Жалпы айта кетсек, 2020 жылы Атырау облысы бойынша 91 автокөліктегі өрт оқиғасы тіркелген. Оның 20-сы – жүк көлігі, 69 – жеңіл автокөлік, екеуі – жолаушылар таситын автобус.
2021 жыл басталғалы автокөліктердегі 3 өрт оқиғасы тіркелді, оның біреуі – жеңіл автокөлік, 2-еуі – жүк таситын көлік.