Ұрланған көлік иесіне қайтарылды

3 қаңтар күні Жылыой ауданы Құлсары қаласының 32 жастағы тұрғыны үйінің ауласында тұрған маркасы «Range Rover» автокөлігінің жоғалғаны туралы 102-ге хабарлаған.

Іс бойынша Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторымен жоғалған көліктің бағыты тексеріліп, 31 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны анықталып ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.