Әлем - 13.01.2021

Испанияда ауа райы күрт суытты

Испанияда күн бірден суытып, ауа температурасы -25°C-қа дейін төмендеген. Бұл қысы жұмсақ мемлекет үшін соңғы 20 жылдағы ең суық түн болды.

Ел билігі егде жастағы адамдардың ешқайда шықпай, үйде қалуларын сұрайды.
Испанияға «Филомена» қар циклоны салдарынан қар көп жауып, тротуарлар мен жолдар мұз құрсанған. Бұл өз кезегінде көлік пен жаяу жүргіншілерге қауіпті жағдай туғызды.

Суықтан жеті адам қайтыс болды.  Олардың екеуі – Барселонада үй-күйі жоқ адамдар.

Қар циклоны салдарынан электр қуаты үзіліп, қала маңындағы пойыздар және көптеген әуе рейстері тоқтап қалған.
Қазіргі кезде жағдай біртіндеп қалпына келуде.