Басты ақпарат
22 ұйымда вакцина салуға орын дайындалады
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екпені алдыңғы кезекте медицина мамандарына салу жоспарланып отыр. – Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін алгоритмге сәйкес, тұрғындарға ерікті түрде екпе салу вакцинаға жауапты медицина мамандары кәсіби оқудан өткеннен кейін ақпан айында басталады. Облыс тұрғындарына вакцина салу үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 22 ұйымда…
Толығырақ »Атырау мұнай өңдеу зауытында қоқыс сұрыптау жобасы енгізілді
«АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, «Жасыл кеңсе» экологиялық жобасын іске асыру аясында зауыт аумағында 38 арнаулы қоқыс алаңы жабдықталған. Әр алаңға түрлі контейнерлер қойылған. Мәселен, шыныны, қағазды, пластик пен сұрыпталмайтын қалдықтарды бөлек жинауға арналған бір кубтық 4 ыдыс, құрылыс қоқысына арналған 8 кубтық 1 контейнер орнатылған. Шөп пен бұтақ…
Толығырақ »Кеше өңірде 84 адамнан КВИ анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 84 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 78 жұмысшы, Қызылқоғадан – 2, Мақат ауданынан бір адам тіркелді. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 10 науқастп ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ,…
Толығырақ »Баланың жүрген жерін анықтайтын жүйе іске қосылмақ
Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарладыю – Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтсем. Бұл – баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс…
Толығырақ »Балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері бойынша азаматтардың өтінішіне байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді. «Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша бас тартуға құқылы.…
Толығырақ »Бопсалаумен айналысқан шетелдік құрықталды
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 51 жастағы әйел адам полицияға өзге әйелдің қорқытып 50 000 теңге талап еткендігі жөнінде арызданған. 32 жастағы Өзбекстан азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған. Күдікті азаматша 19 қаңтар күні Атырау қаласы, С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен…
Толығырақ »Атыраулық мектеп – үздіктер қатарында
Атырау облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты облыстар арасында үздік бестікке енді. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Жуырда өткен XVІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан 90 медальді жеңіп алды: 13 алтын, 37 күміс және 40 қола. Ресми мәліметтерге сүйене отырып, үздік облыстар мен мамандандырылған мектептер рейтингісі…
Толығырақ »Атырауға вакцина сақталатын мұздатқыштар алынады
Атырау облысында «Сovid-19» вирусты инфекциясына қарсы екпе салуға дайындық шаралары басталды. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен облыстық медицина ұйымдарына негізгі екпені сақтауға арналған көлемі 700 литр болатын мұздатқыш келеді. Әкелінген екпені аудандарға тарату үшін тағы 60 литрік екі мұздатқыш және 15 мемлекеттік…
Толығырақ »Жол апатынан бір адам көз жұмды
Атырау облысында жол апатынан алған жарақаттан 58 жастағы әйел көз жұмды. Жол апаты Атырау – Доссор тасжолында болған. Жолда «Ореl» мен «КамАЗ» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан 58 жастағы әйел зардап шеккен. Ол ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды. Қазір жол апатының себебі анықталуда. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Толығырақ »Жалған құжатпен тауар сатқан тұрғын сотталды
Атырау облысының тұрғыны тауарларды жалған құжатпен заңсыз сатып келген. Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан облыс тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп бітті. Айыпталушы заңды кәсіпкерлік қызмет түрін көрсету мақсатында екі кәсіпорын атынан тауарларға жалған бухгалтерлік құжат (шот-фактуралар, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат және халықаралық…
Толығырақ »









