Кеше өңірде 84 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 84 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 3-еуі  Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 78 жұмысшы,  Қызылқоғадан – 2, Мақат ауданынан бір адам тіркелді.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 10 науқастп ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 51 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 367 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 85
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 36 адам оқшауланып, ем қабылдауда.
Айта кетсек, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы әлі «қызыл аймақта» қалып отыр.