22 ұйымда вакцина салуға орын дайындалады

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екпені алдыңғы кезекте медицина мамандарына салу жоспарланып отыр.

– Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін алгоритмге сәйкес, тұрғындарға ерікті түрде екпе салу вакцинаға жауапты медицина мамандары кәсіби оқудан өткеннен кейін ақпан айында басталады. Облыс тұрғындарына вакцина салу үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 22 ұйымда орын дайындалды. Оның ішінде 15 мемлекеттік ұйым бар. Қалғаны – жекеменшік медициналық ұйымдар,  – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Емханалар вакцина салуды тұрғындардың санына қарай ерікті түрде бастайды.

Алгоритмге сәйкес, екпені бірінші кезекте коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға көмек көрсететін медицина мамандарына салу жоспарланып отыр.