Атырауға вакцина сақталатын мұздатқыштар алынады

Атырау облысында «Сovid-19» вирусты инфекциясына қарсы екпе салуға дайындық шаралары басталды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен облыстық медицина ұйымдарына негізгі екпені сақтауға арналған көлемі 700 литр болатын  мұздатқыш келеді.
Әкелінген екпені аудандарға тарату үшін тағы 60 литрік екі мұздатқыш және 15 мемлекеттік емханаға 110 литрлік 15 мұздатқыш алынбақ.
Денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала жоспары бойынша, Атырау облысына қаңтар айының соңында 1 000 доза «Спутник V» екпесі келеді деп күтілуде.

Айта кетcек, бүгінде облыста 2 500 дозаны сақтауға арналған 180 литрлік мұздатқыш бар. Ал жекеменшік медициналық  мекемелер мұздатқыштарды өз қаражаты есебінен алатын болады. Вакцинаны сақтауға жауапкершілік жекеменшік медициналық мекемелердің өзіне жүктелген.