Әлем - 25.01.2021

Екпе салудан бас тартқандарды жұмыстан шығарды

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмыстан шығарылды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге вакцина салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген.

Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу желтоқсан айының соңында басталған. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.