Басты ақпарат
Онлайн-құрбандыққа 97 тапсырыс түсті
Атырауда онлайн құрбандық шалуға тапсырыс 31-шілде, 1-тамыз күндері де қабылданады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының мәліметінше қазіргі уақытта qurban2020.kz сайты арқылы онлайн түрде 97 тапсырыс түскен. — Атыраулықтар 51 қойға, 6 ешкіге, 40 тоқтыға онлайн түрде тапсырыс беріп отыр. Ал құрбан малының етін…
Толығырақ »Президент карантин шараларын 2 аптаға ұзартуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5-шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық…
Толығырақ »Президент облыс әкімімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Аймақ басшысы президентке өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Қазір Атырау облысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді, инфекция жұқтырғандар шілде айының басымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Сонымен қатар, сырқаттанғандардың 63,8 пайызы, яғни 6 414 адам…
Толығырақ »Атырауда сертификатталмаған дәрілер тәркіленді
Атырау қаласында заңсыз сатушыдан сертификатталмаған 244 мың теңгенің дәрісі тәркіленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Комитеттің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қала тұрғынынан дәрінің қымбатқа және арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) сатқанын анықтады. — Іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік…
Толығырақ »Бас санитарлық дәрігер қызметінен кетті
Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабұлов 2 аптадан соң қызметінен кетті. Енді ол астанадағы жұмысына қайта оралады. — Атырау облысына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келген кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Аймақтағы карантиндік шектеулер бойынша үгіт-насихат жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға…
Толығырақ »Карантинді пысқырмайтын көлік көп
Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара барысында карантиндік шектеуге қарамастан жолаушы тасыған автобустар анықталды. Бұл туралы Атырау полиция департаменті хабарлады. 27-шілде күні Атырау қаласының Береке ықшамауданында Атырау-Шымкент бағытына жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатқан. Тексеру кезінде 36 адамы бар автобус жүргізушісі карантиндік шектеулерге қарамастан жолаушылар тасымалымен…
Толығырақ »Медицина қызметкерлеріне өтемақы әлі төленбеді
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров пандемиядан көз жұмған медицина қызметкерлерінің отбасына өтемақының қашан төленетінін айтты. — Спикердің айтуынша, өтемақы Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті берген қорытындыдан соң төленеді, — деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. — Аймақта пандемиямен…
Толығырақ »Атырауда карантиндік орындар жабылады
Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ — Ендігі кезекте карантиндік орындар жабылып, провизорлық, инфекциялық станционарлар қалады. Эпидемиологиялық ахуалдағы оң өзгеріске байланысты, негізгі күш емханалардағы мобильді топқа түседі. Бастапқыда құрылған 61 мобильдік бригада саны қазіргі уақытта 77-ге дейін өсті. Мобильді топтың саны алдағы уақытта толыға түседі, — деп атап…
Толығырақ »Қаладан шығар жол 2 аптаға жабылады
Сәрсенбіде таңертеңгі сағат 6:00-ден бастап теміржол көпірінің маңындағы қиылыс және Геолог ықшамауданына апаратын жол толығымен жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада: – Жолды қалпына келтіру және көлік жүретін бөлікті кеңейту мақсатында 29-шілде мен 11-тамыз аралығында Амандосов–Берғалиев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Көлік құралдары балама бағыттар бойынша…
Толығырақ »Велосипед ұрлығы бойынша 70 қылмыстық іс тіркелді
Атырау қаласында жыл басынан велосипед ұрлығы бойынша барлығы 70 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Атырау полиция департаменті хабарлады. Полиция қызметкерлерімен іздестіру шаралары барысында қолды болған 50-ге жуық велосипед жәбірленушілерге қайтарылды. 20-мамыр сағат 20:40 пен 21-мамыр сағат 17:00 аралығында қалада Ш.Уәлиханов көшесіндегі көпқабатты үй дәлізінің екінші қабатында тұрған құны 60 мың…
Толығырақ »









