Аймақ
Заңсыз мал тасығандар ұсталды
Атырау облысында құжатсыз мал тасымалдаған екі адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ақылбек Жұмабековтың айтуынша, полицейлер Миялы – Индер тасжолы бойында мал тиелген УАЗ көлігін тоқтатқан. Көліктегі 34 бас қойдың арасында таңбаланбағандары бар және малдың тиісті құжаттары жоқ екен. Мал тасымалдаған Батыс Қазақстан…
Толығырақ »Атыраулық өрен әлем чемпионы атанды
Атыраулық палуан Абылайхан Мейрамбекұлы Сербияда самбо күресінен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады. ⠀ Сербия республикасының Нови-Сад қаласындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Абылайхан Мейрамбекұлы 52 келі салмақ дәрежесінде күресті. Финалда молдовалық қарсыласынан басым түсіп, жастар арасында әлем чемпионы атанды. ⠀ Осы халықаралық…
Толығырақ »Қос азаматтықпен жүрген азаматшаға 500 000-нан астам айыппұл салынды
13 жыл бойы заңсыз қос азаматтықпен жүрген облыс тұрғынына 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1963 жылғы азаматша 1998 жылы Ресей азаматына тұрмысқа шығып, Ресей Федерациясына көшіп кеткен. 2007 жылы РФ азаматтығын қабылдаған, алайда басқа елдің азаматтығын алғаны туралы отыз күн ішінде елшілікке немесе ішкі істер…
Толығырақ »Атырауға көпбейінді аурухана салынады
Бүгінде облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 35 мемлекеттік медициналық ұйым, оның ішінде 10 қалалық және 7 аудандық стационар, 6 қалалық емхана, 2 дәрігерлік амбулатория мен 10 өзге ұйым жұмыс істейді. Сондай-ақ, тұрғындарға медициналық сақтандыру қорымен келісім жасасқан 27 жекеменшік ұйым қызмет көрсетуде. – 2015 – 2019 жылдар аралығында облыста 24 денсаулық…
Толығырақ »Облыста нәресте өлімі 12,6 пайызға төмендеді
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді. – Биылға 9 айда 13 194 бала дүниеге келді. Бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 %-ға артық. Нәресте өлімі 12,6 пайызға, жазатайым оқиғалардан болған өлім 2,4 %-ға төмендеді. Сондай-ақ, қан айналымы жүйесінен болатын…
Толығырақ »Індет басталғалы облыста 340 903 ПТР тест алынған
ӨКҚ алаңында «Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмысы» атты онлайн брифинг өтті. Баспасөз маслихатында басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев медициналық ұйымдардағы жағдай мен короновирустың болжамды екінші толқынына дайындық туралы айтты. – Облыста бүгінгі күні 9 зетрхана жұмыс жасайды. Оның 3-еуі – мемлекеттік, алтауы – жекеменшік. Олар тәулігіне 3…
Толығырақ »Өңірге әлі 185 медқызметкер жетіспейді
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, қазіргі таңда облыста 8 889 медициналық қызметкер бар. Оның 7 985-і – мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері. Оның ішінде дәрігерлер саны – 1 496, орта медициналық және басқа қызметкерлер саны – 5 379. Жеке меншік клиникалардағы қызметкерлер саны – 904. – Жыл басында…
Толығырақ »АМӨЗ-де орын алған оқиғаға кінәлілер жазаланатын болады
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. 5 қараша күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Данияр Тиесовтің Атырау мұнай өңдеу зауытына арнайы сапары барысында жиналыс өтіп, онда биологиялық тазарту құрылыстарында орын алған оқиға қарастырылды. Атап айтқанда, қазіргі кезде мұнай өнімдерінің бекітілген нормадан…
Толығырақ »Азаматтар онлайн қабылданды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әр түрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Оның ішінде алдыңғы кезекте тұрғын үй мәселесі мен жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек сұрады. ⠀ Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді…
Толығырақ »Діни бірлестік карантин талаптарын сақтамады
Тәртіп сақшылары Атырау ықшамауданында орналасқан жергілікті православтық діни бірлестікте карантин талаптарының сақталмауын анықтады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бірлестіктің екі қабатты ғимаратында 40-қа жуық адам жиналған. Олар өздерінің діни рәсімін өткізіп, соңында отырыс ұйымдастырған. Анықталған заң бұзушылық бойынша жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына…
Толығырақ »









