Азаматтар онлайн қабылданды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әр түрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Оның ішінде алдыңғы кезекте тұрғын үй мәселесі мен жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек сұрады.

Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын және әр өтініштің жеке өз бақылауында болатынын жеткізді.
Онлайн қабылдауға қатысқан лаузым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.