Аймақ
Атырауда КамАЗ өртенді
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Жылыой ауданында болған. – №9 өрт сөндіру бөлімінің диспетчерлік пультіне сағат 07:22-де Құлсары–Теңіз тас жолында жүк автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында «KARPET TRANSPORTATION» ЖШС-не тиесілі мұнай тасуға арналған КамАЗ автоцистернасының кабинасы, қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер…
Толығырақ »Үзілісте Абай әндері шырқалады
Атырау облысы Мақат кентінің №2 бастауыш мектебінің оқушылары үзіліс кезінде Абай әндерін шырқайды. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Абайдың 175 жылдығы аясында аталмыш білім ордасында қазақтың бас ақынына арналған кабинет ашылып, караоке орнатылған. Енді оқушылар сабақтан үзіліс кезінде Абай әнін шырқайды. Оқу орны дәлізіне үш…
Толығырақ »Құрсай мен Алмалыда жарық сөнеді
Атырау бірыңғай байланыс орталығының хабарлауынша, ертең, 25 қараша күні сағат 10:00 – 15:00 аралығында Құрсай ауылының Еркінқала, Қарабау, Ақжонас көшелерінде және 10:00 – 18:00 аралығында Алмалы ауылдық округінде қолданыстағы трансформаторлық стансалар мен электр желілерінде жоспарланған кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жарық сөндіріледі.
Толығырақ »Мұғалім гипоаллергенді сабын жасап шығаруда
Атырау облысында мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасаумен айналысып жүр. Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Бүгінде Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің мұғалімі сабынның бірнеше түрін жасап шығарып отыр. Химиялық қоспасыз жасалған сабындар – экологиялық тұрғыда тазалығымен ерекшеленеді. ⠀ Гипоаллергенді өнімді күнделікті тұрмыста иіс…
Толығырақ »Атырау экологиясы ең нашар қалалардың ондығына кірді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда экологиясы ең нашар қалаларды атады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Министрдің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша экологиялық мониторингке сәйкес 45 елдімекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. – Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған…
Толығырақ »Облыста ЭКО тәсілімен 177 сәби дүниеге келген
Атырау облысында соңғы екі жылда 177 сәби ЭКО тәсілімен дүниеге келді. Бұл туралы «Экомед Атырау» орталығының репродуктолог-дәрігері Гүлсара Басарова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте хабарлады. Оның мәлімдеуінше, өңірде 3 000 әйел мен ер адам бедеулік диагнозымен тіркелген. – ЭКО тәсілімен сәбилі болу үшін мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру…
Толығырақ »2 миллион теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Атырау–Доссор тас жолы бойында патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамаған «Toyota Camry» автокөлігі қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданында тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды. 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлімі «Полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату талабын орындамау», 590-бабының 5-бөлімінің 17.7-тармағы «Сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік…
Толығырақ »Үш күнде жол ережесі 2 000-нан көп бұзылған
Атырауда 18–20 қараша аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы өтті. Мақсаты – жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу. Шара барысында облыс аумағында 2 195 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Оның ішінде көлік жылдамдығын асырған 876, қауіпсіздік белдігін тақпаған 266, көлік…
Толығырақ »Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды тапсырды. ⠀ COVID-19 ауруының таралуын болдырмау мақсатында құрылған мониторингтік топтың жұмысын талдау мақсатында өткізілген жиынға құзыретті мекеме басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты. ⠀ – Қазір әлемде болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар, кейбір елдердегі ахуал күрделі. Тіпті бірқатар облыстағы…
Толығырақ »«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қатары толықты
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Күзгі шақырылым барысында келген жас сарбаздармен алғашқы әскери дайындықты бастады. Бұл туралы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады. Биыл еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық бозбала әскер қатарына шақырылды. Жас толысымның әскери бөлімдерге келген кезде оларға барлық жағдайлар жасалды, тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан алдын ала оқу…
Толығырақ »









