«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қатары толықты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Күзгі шақырылым барысында келген жас сарбаздармен алғашқы әскери дайындықты бастады. Бұл туралы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық бозбала әскер қатарына шақырылды. Жас толысымның әскери бөлімдерге келген кезде оларға барлық жағдайлар жасалды, тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан алдын ала оқу жиынының әкімшілігі тағайындалды. Әкімшілік құрамы оларға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі және әскери істің негіздерін үйретуде.
– Жастардың алғашқы әскери дайындығын жетілдіру бірнеше кезеңнен тұрады және 24 күнге созылады. Оқу-жаттығудың осы кезеңінде сарбаздар әскери қызметтің мәні мен мақсатын меңгеруі, бөлімнің күн тәртібін, регламентін және әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, кезекшілік қызметтің міндеттерін жаттайды. Сонымен қоса, жеке қару-жарақ пен әскери техниканың жалпы құрылымын, жауынгерлік мүмкіндіктерін, дене шынықтыру жаттығуларын орындауды меңгеру керек, – дейді жас сарбаздар жиынының бастығы майор Ринат Шарипов.
Атырау гарнизонының әскери бөліміне болашақ барлаушылар шақырылған. Іріктеу барысында олардың барлығы мұқият медициналық және психологиялық іріктеуден өтті.
Әскерге шақырылушыларды салтанатты антқа шақыру еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай 1 желтоқсанға жоспарланған. Осы кезден бастап олар өз елінің толыққанды қорғаушылары болып саналады.