Әлем - 23.11.2020

Якутияда антисептик ішкен 9 адамның жетеуі көз жұмды

Якутияда антисептиктен 9 адам уланып, оның жетеуі көз жұмған. Бұл туралы «РИА-Новости» хабарлады.
Ал қалған 2 адам ауыр халде.
Дереккөздің мәліметінше, тоғыз адам антисептик құрамында спирт бар деген оймен, медициналық затты ішімдік ретінде ішкен. Алайда Ресейден шыққан өнімнің 69%-ы метанол болған. Метанолдың 5 – 10 граммы көзіне тамған адам соқыр болып қалса, 30 граммы өлімге әкеледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір бұл өнім саудадан алынып жатыр. Дәрігерлер антисептикті ішімдік ретінде пайдалануға мүлде болмайтынын ескертеді. Өйткені оның құрамындағы изопропил спирті алкогольді ішімдіктерде болатын этанолға қарағанда 3,5 есе улы.