Аймақ
«Сасық сай» мәселесі осы жазда шешіледі
Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасовтың Атырауға сапары барысында мәлім болған. З.Жолдасов өңірдің кәріздік тазарту құрылғылары кешенінде болды. «Сасыған сай» булану алқабы – Атырау облысының басты проблемаларының бірі. Қаладан бірнеше шақырым жерде орналасқан бұл аймақты адамдар сол жерден шығатын жағымсыз иіске байланысты атаған. Мұнда бірнеше ондаған…
Толығырақ »Бір тәулікте 43 адам дәрігерге жүгінген
Атырауда ауа райының қолайсыздығынан бір тәулікте 43 адам жарақат алған. Атырау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлерге өткен бір тәулікте 43 адам жүгінген. Оның төртеуі – жол-көлік оқиғасынан жарақат алған. – Қалғаны жолда құлағаннан жарақаттанған. Дәрігерлер 7 адамның жарақатына гипс салуға мәжбүр болды. Көшеде жарақат алғандардың бәрі – ересектер, –…
Толығырақ »Атырау «сары» аймаққа өтті
25 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясы 49 адамнан анықталса, аталған дерттен 31 науқас емделіп шықты. Сонымен қатар, «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. Қалған…
Толығырақ »Сабақтар онлайн режимінде жалғасуда
Атырауда ауа райының қолайсыздығына байланысты кезекші сынып оқушылары онлайн форматта оқуын жалғастырады. Бұған дейін 23 ақпанда екінші ауысымдағы 1-5 сыныптардың оқушылары үшін офлайн сабақ онлайн форматқа ауыстырылған еді. Мұндай форматтағы оқу кеше, 24 ақпанда да жалғасты. Ал бүгін, 25 ақпанда кезекші сыныптардағы офлайн сабақ онлайн форматқа ауыстырылып отыр.
Толығырақ »Бір күнде 31 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Атырау қаласында бір тәулік ішінде 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. 22 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында 31 жол-көлік оқиғаcы тіркелді. Мысалы, 22 ақпан күні сағат 13:50 шамасында 2001 жылғы азамат тізгіндеген «Ваз 21093» маркалы автокөлігі Береке ықшамауданында орналасқан үйлердің бірінің тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей, алдында тұрған…
Толығырақ »Есірткі сатқан азамат ұсталды
Жылыой ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі сату фактісін анықтады. Бұл туралы Атырау облыстық ПД хабарлайды. Жылыой аудандық полицейлеріне белгісіз ер азаматтың есірткіні пайдаланумен және таратумен айналысады деген жедел ақпарат келіп түскен. Аудандық тәртіп сақшылары облыс көлеміндегі «Дәрмек» жедел іс-шараларын жүргізу барысында 1977 жылы туған ер азаматты өзінің үйінде ұстады. Қазір…
Толығырақ »Қосқабатты үй толықтай жанып кетті
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 ақпан күні сағат 20:16 да Атырау қаласы Д. Сүйесінов көшесіндегі коттедж үйден өрт шығып жатқандығы туралы хабар түскен. – Шақырту орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары жеткен кезде, қосқабатты үй толықтай қызыл жалынға оранған. Өрттің шығу себебі – жылыту құралын пайдалану кезінде…
Толығырақ »Жаңа мешіттің іргетасы қаланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына келіп, 500 орындық Қайтпай Сұлтан мешітінің іргетасын қалады. Бұл туралы amin.kz хабарлайды. Салтанатты рәсімге Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов те қатысты. Кәсіпкерлердің қолдауымен салынатын мешіт құрылысы бір жылда аяқталады деп жоспарлануда. – Халқымызда «Азаны бар ауыл азбайды» деген…
Толығырақ »Жылу батареясын ұрлағандар ұсталды
Полицейлер ұрлық қылмысына күдіктілерді бір күн ішінде анықтады. Атырау облыстық ПД-ның мәліметінше, тәртіп сақшыларына телефон шалған тұрғын, Нұрсая ышамауданында орналасқан үйлердің бірінің есігін бұзу арқылы белгісіз адамдар 14 дана жылытқыш батареясы, 1 дана перфораторын және 250 метрлік кабель сымын ұрланғанғаны жөнінде арызданған. Оқиға орнына жеткен полицейлер мән-жайды анықтап, қылмысты небәрі…
Толығырақ »Түйе малы құрбандыққа шалынды
Махамбет аудандық орталық мешіттің бастамасымен түйе малы құрбандыққа шалынды. Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлайды. Құрбан малының еті әлеуметтік жағдайы төмен, материалдық қолдауды қажет ететін 36 отбасына үлестірілді. Карантин талаптарын сақтау мақсатында, ет үйді-үйге мешіт қызметкерлері және еріктілердің жұмылуымен жеткізілді. – Қайырымдылық іс шарасы барысында еліміздің амандығы, тыныштығы…
Толығырақ »