Жылу батареясын ұрлағандар ұсталды

Полицейлер ұрлық қылмысына күдіктілерді бір күн ішінде анықтады.

Атырау облыстық ПД-ның мәліметінше, тәртіп сақшыларына телефон шалған тұрғын, Нұрсая ышамауданында орналасқан үйлердің бірінің есігін бұзу арқылы белгісіз адамдар 14 дана жылытқыш батареясы, 1 дана перфораторын және 250 метрлік кабель сымын ұрланғанғаны жөнінде арызданған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер мән-жайды анықтап, қылмысты небәрі бір күн ішінде ашты. Олар ұрлық қылмысына күдікті 1990 және 1989 жылғы қала тұрғындарын бейнекамера көмегімен ұстады.
Жәбірленуші азаматқа барлығы 477 000 теңге көлемінде залал келтірген. Қазір аталған ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен тергеп-тексеру жүргізілуде.